«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде және «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ жанындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 18 қазандағы №11 хаттамасына сәйкес Бекенова Индира Нұрланқызы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№4 Гүлдер бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы лауазымына тағайындалды.


Балабақшамызда кадрлық өзгеріс орын алғанын хабарлаймыз.
Бұған дейін мекемемізде хатшы қызметін абыроймен атқарып келген әріптесіміз Калдыбекова Айнур Айсултановна бала күтімі бойынша демалыстан кейін қайтадан жұмысқа оралып, балабақша шаруашылық меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Әріптесімізге жаңа қызметінде табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілейміз!

