«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде және «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ жанындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 18 қазандағы №11 хаттамасына сәйкес Бекенова Индира Нұрланқызы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№4 Гүлдер бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы лауазымына тағайындалды.